Kýrsqa onlaın-jazylý
Онлайн-запись на курсы
"Қарабалық ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы" КММ
"Қарабалық ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қарабалық ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 шілдедегі № 190 қаулысына сәйкес құрылып, өз жұмысын 2011 жылдың қыркүйек айынан бастады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты – ҚР Конституциясының 93-бабын, «ҚР тіл туралы» Заңын, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру бойынша Қарабалық ауданында бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Оқыту орталығы Аудандық Мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан, жалпы аумағы 86,72 шаршы метр.
"Қарабалық ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ тыңдаушылары мен топтары туралы АҚПАРАТ
Ағылшын тобы тыңдаушылары мен топтары туралы АҚПАРАТ
Оқу кабинетіндегі компьютерлерге мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың үш деңгейлік (бастауыш, жалғастырушы және жоғары) жаңа кешендік бағдарламалары қондырылған.
Сол сияқты КАЗТЕСТ – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған арнайы тапсырмалары орнатылған.
ҚАЗТЕСТ жүйесі – Қазақстан Республикасындағы азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі.
ҚАЗТЕСТ жүйесі халықаралық тілдік білімді бағалаудың TOEFL, IELTS, DALF/DELF, DSH, CELI, TÖMER, ТРКИ және т.б. жүйелерінің қағидаттарына негізделген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 835 қаулысымен «ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасы» мақұлданды. Тұжырымдамада ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту бағыттары анықталды. Тұжырымдама негізінде Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында арнайы құрылымдық бөлімше ретінде жұмысын бастады.
ҚАЗТЕСТ жүйесінің құрылымы
ҚАЗТЕСТ төрт бөліктен тұрады: тыңдалым, лексика-грамматикалық бөлік, оқылым, жазылым.
Бірінші бөлік – тыңдалым. Оқылған мәтінді түсіну деңгейі төрт деңгей бойынша бағаланады:
1) фрагментарлық түсіну;
2) жалпы түсіну;
3) толық түсіну;
4) терең сыни түсіну.
Екінші бөлік – лексика-грамматикалық. Тілді түсіну, түсініп айту, қарым-қатынаста қолдана алу, жазуда пайдалана алу, лексика-грамматикалық материалды меңгеру деңгейі функционалдық және коммуникативтік тұрғыда бағаланады.
Бұл бағыттағы тест тапсырмалары белгілі бір коммуникативтік міндеттерді шешуі үшін қажетті тілдің құрылымы туралы түсінігі мен біліктілігінің деңгейін бағалауды көздейді.
Үшінші бөлік – оқылым. Оқылымның мақсаты – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әр түрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі, тілдің айтылым заңдылықтарына сәйкес оқи алуы. Оқылым бойынша біліктілік деңгейін анықтау және бағалау мынадай төрт нысандар бойынша тапсырманы орындау нәтижесімен айқындалады:
1) танысып оқу;
2) зерттеу элементтерімен оқу;
3) жүгіртіп оқу;
4) зерттеп оқу.
Төртінші бөлік – жазылым. Жазба жұмыстары мынадай көрсеткіштер бойынша бағаланады және тексеріледі:
1) жазба жұмыстарының грамматикалық сауаттылығы;
2) жазба жұмысының мазмұны;
3) жазба жұмысындағы тілдік құралдарды пайдалану сапасы;
4) жазбаша тапсырманы орындау кезінде өз бетінше тілді қолдана алу дәрежесі.
2014 жылғы 22 қазан күні Қарабалық кентінде КАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тіл деңгейін анықтау мақсатында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы өкілдерінің қатысуымен, сынақ жүргізілді.
Сынаққа 24 мекемеден 108 адам қатысты. 3 бөлікте: «Тыңдалым » -30, «Лексико-грамматика» - 70, «Оқылым» - 50, барлығы – 150 сұрақтан тұратын тапсырма орындалды.
Сынақ нәтижелері бойынша әр тіл қолданушының деңгейі анықталды.
Нәтижелер талдауы бойынша:
А1 – қарапайым деңгейін – 7 (6%) тіл қолданушы меңгергендігі анықталды.
Қарапайым деңгейді меңгерген тіл қолданушы күнделікті қатысым жағдаяттарда қарапайым коммуникативті құзіреттілігінің шектелген түрін қанағаттандыра алуы қажет.
А2 - базалық деңгейді – 71 (65%) тіл қолданушы меңгергендігі белгілі болды.
Коммуникативтік құзіреттіліктердің бастапқы деңгейі тіл қолданушы тұрмыстық, жалпы мәдени салаларда базалық коммуникативтік қажеттіліктерді қанағаттандыра алатынын растайды.
В1 – орта деңгейінде – 28 (26%) өз білімдерін көрсетті.
В1- орта деңгейді меңгергендер қазақтілділермен тілдік қатысымға түскенде негізгі коммуникативтік қажеттіліктерін қанағаттандыра алуы керек. Жұмыста, оқуда, бос уақытта кездесетін әр түрлі тақырыптар бойынша әдеби тілде жасалған нақты хабардың негізгі ойларын түсінуі керек. Өз таңданысын, әсерін, үмітін, ниетін, оқиғаларды сипаттап, келешектегі жоспары мен пікірін негіздей білуі керек.
В2 – ортадан жоғары деңгейді – 2 (1,8%) қатысушы меңгерген.
Тіл қолданушы ортадан жоғары деңгейде нақты және абстрактілік тақырыптар бойынша күрделі мәтіндердің, оның ішінде кәсіби мәтіндердің жалпы мазмұнын түсіне алады.
Нәтижелер талдауы